БҚО-да дәрігерлер пойыздың астына түскен жігіттің өмірін сақтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Пациент III-IV дәрежелі жарақаттық шок алған

Аптаның басында Батыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем станциясының 103 операторының пультіне оқиға орнына шақыру келіп түсті. Ақ казарма аялдамасы ауданындағы теміржолда пойыздың басып кетуі салдарынан ер адам зардап шекті. Оқиға орнына келген облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының №8 бригадасы 5 минуттың ішінде пойыз қағып кеткен және бірте-бірте есінен танып қалған жігітті тапты, деп  хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аяғының жарақаттық ампутациясымен зардап шегуші рельстердің жанында жатты.

«Құрамында бірінші фельдшер Е. А. Жұқалтаев, фельдшер Н. Жасұлан және жүргізуші Н. Мақауовтан тұратын бригада ауруханаға дейінгі кезеңде алғашқы қажетті көмек көрсетті, клиникалық хаттаманың стандарттарына сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсетті. Олар қан кетуді тоқтатты, ауырсынуды басатын шокқа қарсы терапия және гемодинамиканы қалпына келтірді. Шұғыл түрде зардап шегуші облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен кезде зардап шегушінің жалпы жағдайы өте ауыр болды, III-IV дәрежелі жарақаттық шок алған.

«ОКА құрамында  травматолог Қанат Өтегенов пен травматолог-хирург Ерғали Байқатов  бар дәрігерлер шұғыл операция жасады. Операциялық үстелде ер адамның өмірін сақтап қалуға анестезиолог Айбек Түркпенов, реаниматолог Арман Дусалиев, анестезист Галина Астова, мейіргер Нұрай Газез де қатысты. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты - ауыр. Палатаға шығарылды», - делінген хабарламада.