10.11.2023, 20:23
Оқиғалар
Павлодарда ер адам терезе арқылы суицид жасады
Оның денесі екінші қабаттың терезесінен төменгі тұста ілулі тұрды
Фото: irbistv.kz
Қайғылы оқиға 9 қарашада болды. Құтқарушыларға шақыру таңғы 7-ге таяу түскен. Хабарласқандар ер адамның денесін алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy irbistv.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам Нұркин көшесіндегі тұрғын емес ғимараттың екінші қабатының сыртында асылып қалған.
«Құтқарушылар шақыру орнына келген соң, полиция қызметкерлерінің қатысуымен өрмелеу құралдарының көмегімен арқанды кесіп, ер адамның денесін төмен түсіріп, полицияға тапсырды», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді