Павлодар облысында жол апатынан екі адам ажал құшты

Автор: Аманалина Тоғжан

ЖКО фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр 

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында ЖКО салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар автожолында Lada көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, өз көлігін жөндеп жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісін қағып кеткен. Осыдан кейін Lada автокөлігі КамАЗ көлігінің артқы жағынан соққан. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан КамАЗ жүргізушісі мен Lada көлігінің жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жеңіл автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.