Облыстық прокуратура санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындады
7 қараша күні Сарыкемер ауылының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жамбыл облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды (33 оқушы және 2 мұғалім).
Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындады.
«Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) СДТБТ-ге тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында», - делінген хабарламада.