$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2023, 23:12
Оқиғалар

Көкшетау тұрғыны әйелі мен кішкентай ұлын қаражатсыз, баспанасыз қалдырып, қашып кеткен

Ер адам халықаралық іздеуге жарияланды

Көкшетау тұрғыны әйелі мен кішкентай ұлын қаражатсыз, баспанасыз қалдырып, қашып кеткен

Тоғыз адамды алдаған қылмыскерді Көкшетау полицейлері іздеуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 716.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінің, Көкшетау полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 190-бап, 3-бөлім, 1, 4-тармақтар бойынша (екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық) қылмыстық іске қатысы бар азамат іздестірілуде. Берік Нихат 1996 жылы СҚО, Ақжар ауданының, Ленинград кентінде туған, бұрын Көкшетауда тұрған.

Белгілері: бойы 180-185 сантиметр, денелі, шашы қара.

«Тергеу барысында бұрын Көкшетауда тұратын іздеуде жүрген Нихат Б. жұбайына қатысты алаяқтық жасап, оны және ұлын күнкөріс пен баспанасыз қалдырғаны анықталды. Сонымен қатар ол жұбайының ата-анасын, жақын достарын, сыныптастарын, жерлестерін алдаған. Барлығы Нихат Б. алаяқ екенін түсінгеннен кейін, ер адам қашып кеткен», – делінген хабарламада.

Алаяқ ер адамды өз күштерімен таппаған соң, оның алдамшы әрекетінен зардап шеккен тоғыз Көкшетау полиция басқармасына арызбен жүгінді.

Қазіргі уақытта Берік Нихат халықаралық іздеуге жарияланды.

Егер сізде іздеуде жүрген адам бойынша ақпарат болса, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1а полиция басқармасына 8(7162) 29-96-00, 8-707-119-87-19 немесе 102 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары