Жамбылда 46 адам мектеп асханасындағы тамақтан уланды
Мектеп оқшауланып, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Н.Киікбаев атындағы орта мектебінде оқитын Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған науқастардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған мәселе бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.
Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.
«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды», - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мектепте тамақпен қамтуға жауапты ЖК «Тоқсейітовтің» жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізіліп жатыр.