БҚО-да жоғалып кеткен ер адамның денесі Жайықтан табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталы хабарлағандай, жергілікті полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

«БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қарашада сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.

Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.