Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-да тест тапсырушыға сырттан бөгде адам көмектеспек болған

Azattyq Rýhy

Үмітркерге 3 айға дейін тест тапсыруға тыйым салынды

Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-да тест тапсырушыға сырттан бөгде адам көмектеспек болған

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі мамандандырылған ХҚКО-да болған оқиғаның видеосы тарап кетті. Онда жүргізуші куәлігін алу мақсатында тест тапсырып отырған азаматқа бөгде адам бөлме сыртында тұрып көмек көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Емтихан тапсырушыға қабырғаны тақылдату арқылы белгі беріп, жол көрсеткен адамның әрекеті бейнебақылау құрылғысына жазылып қалған.

Оқиға 31 қазанда болған. Мамандар бұл жайт, көлік жүргізу ережелерінің жаңа жүйесі арқылы анықталып отырғанын айтады. Бейнежазбада үміткерге емтихан тапсыруға түрту арқылы көмек көрсетілгені естіліп, оның терезеге жиі бұрылғаны көрсетілген. Нәтижесінде тапсырушы емтиханнан өткен жоқ.

«Клиент тест тапсыру кезінде біздің қызметкерлер тарапынан күдік туғызды. Осыған байланысты біз тексеру жүргізіп, клиентті өткізбей және 3 айға дейін тапсыруға тыйым салдық. Қазіргі таңда бізде жаңа жүйе іске қосылды ПДД-3.0 деген. Ол жерде бейне және аудио жазба жүргізіледі. Біздің қауіпсіздік қызмет тексеру жүргізіп жатыр», - деді №2 мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысының орынбасары Руслан Қозғамбаев.

Ал сыртта «көмек» берген адам туралы және видеоны әлеуметтік желіге таратқандар жөнінде ХҚКО қауіпсіздік қызметі мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.