ШҚО-да жол апатынан үш адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы үшеуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді

Өскемен-Алтай тас жолындағы екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 4 қарашада болған.

«Өскемен— Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай автожолының 110 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, нәтижесінде үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.