$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды

Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелген

ШҚО-да мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған әкім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news жазуынша, ауыл әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп келе жатып, өзге көлікке соғылған.

«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік көлігін тізгіндеп, аулада тұрған ВАЗ көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында тіркелді», - делінген хабарламада.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен хабарланғандай, 31 қазанда Әдеп жөніндегі кеңес әкімге қатысты тәртіптік істі қарады.

«Нәтижесінде мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алтай ауданына қарасты ауылдардың бірінің мас күйде көлік тізгіндеген әкімі жол апатына ұшырағанын, соттың шенеунікті әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары