02.11.2023, 15:29
Оқиғалар
Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Апат салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды
видеодан скриншот
Қарағандының орталық көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты бүгін, 2 қараша күні сағат 10:50–де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары маңында болған.
39 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Апат салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталғанфакт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды