Шымкентте зейнеткер әйел пәтерінде өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар есікті бұзып кірген

Шымкентте құтқарушылар жабық пәтерден зейнеткер әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, «112» нөміріне зейнеткердің туыстары хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есікті бұзып ашқан.

«Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әже қоңырауларға жауап бермей, есікті де ашпаған. Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті сындырып ішке кірген. Олар ішке кіргенде әйелдің қайтыс болып кеткені белгілі болды. Әйелдің денесінен зорлық-зомбылықтың ізі табылмады», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол денсаулығына байланысты көз жұмған. Өлімнің нақты себебін полиция анықтайтын болады.