$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2023, 10:32
Оқиғалар

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік соқтығысты

Полиция департаменті жүргізушілерді абай болуға шақырды

Ақтөбеде көктайғақ салдарынан 12 көлік соқтығысты
Бейнеден кадр

28 қазанда Ақтөбе қаласында «Сельмаш» ауданындағы көпірде күн райының қолайсыздығына байланысты (қар, көктайғақ) 12 көлік соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті жүргізушілер үшін ең қауіпті дымқыл асфальт екенін еске салады. Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар бетіне мұз қатқан. Бұл жағдайлар көлік құралдарының тоқтау жолының ұзаруына ықпал етеді. Жолдарда қауіпсіз жүру мақсатында полицейлер автокөлік құралдарының иелеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.

Сондай-ақ, өтпелі жолда немесе жол бойымен келе жатқан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек.

Серіктес жаңалықтары