Ақтауда үстіне лифт құлап кеткен ер адам мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі уақытта болған

Ақтауда супермаркеттердің бірінде қызметкерді лифт басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10-да болған.

«34 жастағы жұмысшының үстіне лифт құлап кеткен. Нан салынған арбаны тартып алмақ болған ер адам оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша Ақтау қалалық ПБ тіркелді.

«Оқиға бойынша сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.