Еуропада бұған дейін 12 жасар бельгиялық қыз бала қайтыс болған еді
Ұлыбритания аумағында коронавирус құрбандарының ішіндегі ең жасы 13 жастағы Исмаил Мохамед Абдулвахаб болды. Бұрын бойынан қандай да бір ауру белгілері байқалмаған жасөспірім Лондонда көз жұмды.
26 наурыз күні Абдулвахаб Корольдік колледж госпиталіне жеткізілген, бір күн өткен соң талдау нәтижелері оның бойында COVID-19 вирусы болғаны көрсетті, деп жазады The Guardian басылымы.
Отбасының жақын досы саналатын Марк Стефенсонның айтуынша, енді жасөспірімнің анасы мен алты бауыры мәйітті ашқаннан кейінгі нәтижені күтіп отыр екен.
Айта кетсек, бұған дейін Еуропада 12 жасар бельгиялық қыз бала да коронавирустан қайтыс болған еді.