Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді
1 сәуір сағат 11.50-дегі эпидемиологиялық жағдай
⠀
Бүгін Қызылорда облысы аумағында тіркелген 6 науқастың екеуі – Қармақшы, екеуі - Жаңақорған, біреуі – Шиелі ауданынан, ал бірі облыс орталығы Қызылорда қаласынан шыққан. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
«Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 24 адамға жетті. Бүгін тіркелген науқастардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, бірі Шиелі ауданында анықталды. Сондай-ақ, бір адам облыс орталығынан тіркелді. Қармақшыдағы науқастың бірі Алматы қаласынан келген. Екінші науқастың қайдан жұқтырғаны зерттелуде. Ал Жаңақорған ауданында тіркелген екі адам да - инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен байланыста болғандар. Шиелі ауданындағы науқастың да жағдайы соған ұқсас, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен тығыз байланыста болған», - деді Жақсылық Абдусаметов.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан – 184;
- Алматы – 84;
- Шымкент – 3;
- Атырау облысы – 16;
- Ақмола облысы – 16;
- Алматы облысы – 8;
- Ақтөбе облысы – 3;
- Қарағанды облысы – 14;
- Жамбыл облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3;
- Павлодар облысы – 1 адам;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 24;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Түркістан облысы – 5.
Бүгінге дейін елде індеттен 3 адам көз жұмды. 24 адам жазылып шықты.