$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттегі 6 адамды қаққан автобус оқиғасы: жүргізушіге сот үкімі шықты

49 жастағы жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттегі 6 адамды қаққан автобус оқиғасы: жүргізушіге сот үкімі шықты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Шымкентте 2023 жылдың сәуірінде жаяу жүргіншілерді қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оtyrar.kz жазуынша, прокурор алты бірдей адамды қағып, бесеуінің өліміне себепші болған автобустың жүргізушісіне 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Алайда соттың соңғы отырысында марқұмдардың туыстары сотталушыға кешірім берді.

«Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», - деп хабарлады судья Жанат Мүсірәлі.

Еске салайық, Шымкентте Бәйтереков пен Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушісіз жүріп кеткен автобус аялдамадағы 6 адамды қағып, бесеуінің өлімін себеп болған еді. Кейіннен жүргізушінің көлік тежегішін қоспағаны белгілі болды. Үш адам оқиға орнында қаза тапса, тағы екі адам ауруханада ес жимастан көз жұмды. Қайғылы оқиғадан зардап шеккен 18 жастағы Дариға Сейдалиева ғана аман қалғанымен, ол мүгедек болып қалды.

Серіктес жаңалықтары