Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 16 қазанда болған

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қазанда болған.

«Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысып, соның салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігіне соққан. Оқиға салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары – Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.