Марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін отырғаны анықталып жатыр
Жетісу облысында жол ортасында отырған адамды көлік байқамай басып өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында орын алған.
Ресми дерек бойынша, Алматы - Өскемен тас жолының 524-шақырымында Mercedes Benz 519 CDI көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жолда отырған 51 жастағы ер адамды қағып кетті.
Марқұмның түнгі уақытта жол бойында не үшін отырғаны анықталып жатыр. Аталған оқиға бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер азаматтарды жолда қырағы болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.