Астанада тапсырыспен кісі өлтірмек болғандардың жолы кесілді

Ұсталғандар кінәсін мойындады

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция мәліметінше, екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер Астана – Көкшетау тасжолында ұсталды.

«Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді», - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.