Рейдтік жұмыстарға 2 мыңнан астам ерікті қатысқан
Брифинг барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай режиміне қарамастан жұмысын жалғастырған сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары көп екенін мәлімдеді.
«Карантиндік режимді сақтамағаны үшін 1800 заң бұзушы анықталды. 400-ден астамы әкімшілік қамауға алынды. 500-іне айыппұл салынды. Қалған іс сотта», - деді Е.Тұрғымбаев.
Қорғаныс құралдары мен антисептиктер сатып, байымақ болғандар да ұсталған.
«Полицейлер мұндай 27 фактіні тіркеді. Заңсыз айналымнан 2 млн-нан астам маска мен 4 мың қорғаныс костюмі тәркіленді. 4 тонна дезинфекциялық тауарды азаматтар қымбатқа сатпақ болған. Кінәлілер жауапқа тартылуда», - деді бұл жайында Е.Тұрғымбаев.
Рейдтік жұмыстарға 2 мыңнан астам еріктілер де тартылыпты. Олардың көмегімен 240-тан аса тәртіпбұзушылық анықталған.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан