Қарағанды облысында ер адам қызының көзінше әйелін ұрып өлтірген

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер 35 жастағы күдіктіні ұстады

11 қазан күні Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында күйеуі әйелін қызының көзінше ұрып өлтірген, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy.

Әлеуметтік желідегі жазбаға сүйенсек, ол әйеліне бұған дейін де бірнеше рет қол көтерген. Тіпті марқұм күйеуінің бұл әрекеттеріне шыдамай, Алматыға қашып жан сауғалаған. Бірақ балалары үшін барлығына көз жұмып, отбасына қайта оралған.

«Кешкі уақытта 13 жастағы қызы бөлмеде отырғанда, Ольганы күйеуі ұрып-соққан. Ол қызының көзінше алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға болатын түні 10 жастағы ұлы әжесінің жанында болған», - делінген әлеуметтік желіде тараған хабарламада.

Полицейлер 35 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша тергеу изоляторына қамады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу басталды.