Оралда 3 жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп қалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Оралдағы Балбөбек балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.

«Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр», - деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.