Ақтауда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынауданда болған

Фото: 93.ru

Ақтауда 16 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төбесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға 10 қазанда 17-шағынаудандағы «Green park» тұрғын үй кешенінде болған.

Оқиға орнынан жедел жәрдем мен полиция өкілдері келді.

«Сағат 19.00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түсті. Оқиға орнында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ 16 жасар қыздың мәйіті табылды», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.