Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен
Екібастұз маңында екі адам иіс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Төртүй ауылында болған. Ер адам түнде пеш жағып, жапқышты ашуды ұмытып кеткен.
Абайсыздық қайғылы оқиғаға әкелді. Келесі күні екі ер адам да өлі күйінде табылды.
«3 қазан күні 11.30-да ПД кезекшісінен Екібастұздағы ауылды жерде жер үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ департаменті.