Қайғылы жол-көлік апаты 1 қазанда болған
Қарағандыда темір тірекке соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ЕKaraganda.kz жазуынша, қайғылы жол-көлік апаты 1 қазанда сағат 14:50 шамасында Мұқанов көшесінде болған.
«Lada көлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көше шамының темір бағанына соғылып, артынша қатты соққыдан ағашқа соғылған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Полиция сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.