СҚО-да мас әке туған қызын зорлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді

© Depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында педофилияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. М. Жұмабаев ауданында алкгольді ішімдікке мас болған ер адам туған қызын зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Казинформға» сілтеме жасап.

Жаға ұстатар қылмыс жайында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.

«Есіл өңірінде өзбекстандық азамат мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді», - деді А. Қабдулдинов.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауға алынған. Қылмыс жасағандар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады.