Алматыда қарттар үйінің терезесінен зейнеткер құлап кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиғаға қатысты тергеу басталды

Алматыда науқас қарттар үйінің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

"Забота" қарттар үйінің терезесінен зейнеткер түнде құлап түскен. Мекеме қызметкерлері оны дәрігерлерге көрсетудің орнына, төсекке апарып жатқызып қойған. Ал қарт науқастың денесінде үш жерден сынық бар екені анықталды. 

Қарттар үйінде болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп, кейін ол кадрлар әлеуметтік желіге тарап кеткен. Биіктен құлап кеткен зейнеткердің бірнеше жері көгеріп, сынғаны белгілі болды. Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталған.

"Істің мән-жайын зерделеу үшін материалдар Алматы қалалық медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаментіне жіберілді", – делінген хабарламада.

Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ