«Өгей әкесі өлтірді»: Алматыдағы бүлдіршін өліміне қатысты полиция пікір білдірді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

2004 жылы туған ер адам қамауға алынды

Фото: polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті өгей әкенің 4 жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген дерегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде ҚР Қымыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Көрсетілген қылмысты жасады деген күдікті – 2004 жылы туған Д. есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.

Тақырыпқа орай: Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі жас баланы азаптап өлтірген

Еске салайық, аталған жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлаған болатын. Қоғам белсендісі 4 жасар сәбиді өгей әкесі аяусыз соққыға жыққанын, соның салдарынан бала ауыр жарақаттан көз жұмғанын мәлімдеді.