ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстады

Фото ашық дереккөзден

ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан өтініш келіп түскен.

«Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.