Баланы полиция қызметкерлері құтқарып қалған
Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 19 қыркүйекте Аққыстау ауылында болған.
«Кешкі сағат 17:48 шамасында полицияға 1993 жылғы тұрғын хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер жасөспірім тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан баланың дауысы шыққанын естіп қалып, шығарып алуға талпынған», - делінген хабарламада.
Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады.
«Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті», - делінген хабарламада.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өткізілді.