Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды
Астанада тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.