Ақтөбе облысында қайғылы жол апатынан 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандардың барлығы – жол жұмысын жүргізіп жатқан ұйымның қызметкерлері

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында болған.

«Ақтөбе – Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. 39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Соның алдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қаза тапқандардың барлығы – сол учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері.

Қазіргі кезде. ҚР Қылиыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.