Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап мерт болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Құтқарушылар ер адамның мәйітін шығарып алды

Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2023 жылғы 11 қыркүйекте сағат 08:56-да хабарлама келіп түскен. Онда Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-да ер азамат битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы айтылған.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп, альпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін жоғары шығарды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.