Хромтауда 5-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.

«Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды», - делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.