06.09.2023, 07:21
Оқиғалар
БҚО-да ауылдардың бірінде атыс болып, үш адам жараланды
Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау үшін барлық шара қолданылуда
Фото ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында атыс болып, үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 18.45-те болды.
«Спирттік ішімдік ішу барысында туындаған талас салдарынан 1975 жылғы ер адам бұзақылық ниетпен аңшы мылтығынан 34 жастағы тұрғынға оқ атқан. Ұшқан бытыра өтіп бара жатқан 1964 жылғы әйел мен екі жасар сәбидің аяғына тиген. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау үшін барлық шара қолданылуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды