Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды», - делінген хабарламада.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.