Өскеменде психотроптық зат сақтаған азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам пробация қызметіне тіркелді

Фото: Polisia.kz

Өскеменде жас жігіт психотроптық затты сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды. Ол Telegram интернет-месенджері арқылы электрондық дүкен жіберген координаттар бойынша белгісіз адамнан психотроптық затты сатып алған, деп хабарлады Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның психотроптық зат екенін біле отырып, оны өзі қолдану үшін сақтаған. Алайда оны полиция қызметкерлері ұстады. Тінту барысында оң жақ шұлықта пакетке салынған ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленген.

ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалған. Ер адам пробация қызметіне тіркелді. Пробация қызметінің қызметкерлері оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберді.