Ақтауда үш күн бұрын жоғалып кеткен бала іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Арыслан Самбаев 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған

Фото: polisia.kz

Ақтауда 10 жастағы жеткіншек үш күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz жазуынша, Арыслан Самбаевты іздеу жұмысымен «Lider.kz» еріктілер қозғалысы мен полицейлер айналысып жатыр.

«Арыслан Самбаев 29 тамызда үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: орта денелі, бойы 145-150 см, шашы қара, көзі қоңыр», - делінген хабарламада.

Жоғалған бала туралы көрген-білгендер болса, +7(700)499-72-92, +7(775)390-91-85 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.