31.08.2023, 15:41
Оқиғалар
Ақтөбе облысында әйелді кірпішпен ұрмақ болған ер адам ұсталды
Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді
Ақтөбе облысында әйел адамды кірпішпен ұрмақ болып қуалаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода қолына үлкен кірпіш алып, әйел адамды қуалап жүрген ер адамды көруге болады.
Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдіріп, әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.
«29 тамызда сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында қыз баланы балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Аталған дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Шалқар ауданы ПБ арнайы бөлмесіне уақытша қамалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады