18:00-гі жағдай бойынша астанада барлығы 1156 адам карантинге жабылған
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 26 наурыз күнгі сағат 18:00-гі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«2020 жылғы 26 наурызының 18:00-дегі жағдай бойынша карантиндік ауруханаларда 1 156 адам жатыр. Олардың ішінде 80-і – балалар. Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ол инфекция жұқтырғандардың арасындағы 20 адамның жағдайы туралы айтып өтті.
«14 адам стационарлық емдеуде болған. Ауруханаға жатқызудың бірінші себебі осыған дейін күрделі респираторлық вирус бойынша шағымданған. Олардың дене қызуы көтеріліп, пневмония қаупі байқалған. Екінші себебі, 24-25 наурыз күні инфекция жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған», - дейді Сәуле Қисықова.
Басқарма басшысы сөз арасында өзге елдерден келген қазақстандықтардың жағдайы туралы қозғап өтті. Айтуынша, Нұр-Сұлтан әуежайы арқылы жеткен жолаушылардың бәрі изоляцияланды.
«Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарын мониторингілеу барысында инфекция жұқтырған 6 адам анықталды», - дейді ол.