Алматыда дүкен ішінде бейтаныс әйелдің кеудесінен ұстаған ер адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан

фото видеодағы кадрдан

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамыз күні қаладағы супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан табылып ұсталды.

«1988 ж.т., Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды», - делінген хабарламада.