ШҚО тұрғыны 73 жасында алғаш рет жеке куәлік алды

Автор: Azattyq Rýhy

Енді ол жасына байланысты зейнетақы ала алады

Шығыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп жазады Polisia.kz.

Жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Глубокое полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектесті.

«Оның жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болған, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтыпты. Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетіп, ҚР азаматының жеке куәлігін рәсімдеді», - делінген хабарламада.

Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы алып, маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады.