Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Шымкент көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«25 тамызда сағат 17:00 шамасында Асқаров көшесінде 1975 жылы туған ер адам ес-түссіз жатқан күйде табылды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады», - деп жазады Оtyrar.kz.
Ер адам өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сарапшыларға тапсырылды.
«Ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды деген болжам бар», - делінген хабарламада.
Тақырыпқа орай: Қостанай облысында орманнан бойжеткеннің денесі табылды
Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.