Оның ішінде 54 бала суға батып кетті
Биыл жазда 176 адам суға кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғаннан бері 190 адам құтқарылған, оның 64-і бала.
Биыл ел бойынша 176 адам, оның ішінде 54 бала суға батып кетті.
ТЖМ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Тақырыпқа орай: ТЖД: Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның алтауы – бала