Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

 Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.