Наурызым қорығындағы орман өрті сөндірілді

Автор: Аманалина Тоғжан

Алдын-ала болжам бойынша 807 гектар жер жанған

Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысындағы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел штабының ақпараты бойынша, Наурызым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді.

Алдын-ала болжам бойынша 807 гектар жер жанған. Сондай-ақ тағы 10 га аумақта құрғақ қамыс өртенген.

Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күшімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.

«Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталып жатыр», - делінген Қостанай облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының ақпаратында.