Осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр
Ақмола облысында қараусыз қалған 2 жастағы қыз абайсызда 2-ші қабаттағы терезден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда Степногор қалалық Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, 2021 жылы туған жергілікті тұрғынның ауруханаға «катажарақат, жабық бас сүйегі жарақаты, ми шайқалу» диагнозымен жеткізілгенін айтқан.
«Белгілі болғандай, қараусыз қалған бүлдіршін абайсызда москит торын итеріп, екінші қабаттағы терезеден құлаған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізілуде», - деді ведомстводан.