Түтін аймағынан 19 адам эвакуацияланды
Өскеменде электрлік кептіргіш тоғыз қабатты үйдегі өртке себепкер болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру есептоптары таңғы сағат 4 шамасында бесінші қабаттағы үйлердің бірінде болған өртке дереу жіберілді.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді.
Өртті жоюға барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш болуы мүмкін.