Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін, 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде болған. Полиция Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын тіркеді.

«Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.